СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ТАЙЫНША АУДАНЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ТАЙЫНША АУДАНЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ  КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

2026 жылғы 28 мамырда С. Бекшеновтың төрағалығымен және Тайынша ауданының әкімі Б. Әлжановтың қатысуымен аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті. Отырыс барысында депутаттар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты кең ауқымды мәселелерді қарастырды. Сонымен қатар, бейнебайланыс арқылы Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ревизиялық комиссияның мүшесі Е. Олейникова да сессия жұмысына қосылды.
Отырыста депутаттар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты кең ауқымды мәселелерді қарады.
Негізгі шешімдер:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі.
2. Тайынша ауданы бюджетінің, Тайынша қаласы бюджетінің, сондай-ақ Абай, Алабота, Амандық, Большеизюм, Донецк, Драгомиров, Зеленогай, Келлер, Киров, Краснополян, Летовочный, Мироновка, Рощинск, Теңдік, Тихоокеан, Чермошнян, Чкалов және Яснополян ауылдық округтері бюджеттерінің 2025 жылға арналған атқарылуы туралы жылдық есептерді бекіту туралы.
3. Тайынша ауданы әкімдігі жанындағы бірқатар комиссияларға өзгерістер енгізілді.
Қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

 


АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ