2026 жылғы 25 мамырда сағат 16-00-де «AMANAT» партиясыны имаратында сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті сессиясын өткізу жоспарлануда. Сессия Facebook әлеуметтік желісінің тікелей эфирінде аудандық мәслихат парақшасында көрсетіледі.
Сессияның күн тәртібінде:
- Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі.
- Тайынша ауданы бюджетінің, Тайынша қаласы бюджетінің, сондай-ақ Абай, Алабота, Амандық, Большеизюм, Донецк, Драгомиров, Зеленогай, Келлер, Киров, Краснополян, Летовочный, Мироновка, Рощинск, Теңдік, Тихоокеан, Чермошнян, Чкалов және Яснополян ауылдық округтері бюджеттерінің 2025 жылға арналған атқарылуы туралы жылдық есептерді бекіту туралы.
- Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының 2021 жылғы 17 тамыздағы № 83 «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімдігі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссияның дербес құрамы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Әртүрлі.
Аудандық мәслихат