СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ТАЙЫНША АУДАНЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ТАЙЫНША АУДАНЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ  КЕЗЕКТІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

2026 жылғы 10 наурызда С. Бекшеновтың төрағалығымен және Тайынша ауданы әкімінің орынбасары А. Рахимжановтың қатысуымен аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті.
Отырыста депутаттар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты кең ауқымды мәселелерді қарады.
Негізгі шешімдер:
1) Қызметтер мен ұйымдардың су тасқынына және өртке қарсы іс-шараларға дайындығы талқыланды.
2) «Дипломмен ауылға!» бағдарламасының 2025 жылғы жүзеге асырылуы және 2026 жылға арналған жоспарлар қаралды.
3) 2026–2028 жылдарға арналған аудан бюджетіне өзгерістер енгізіліп, ауылдық округтердің бюджеттері нақтыланды.
4) Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге келген мамандарға көтерме жәрдемақы мен әлеуметтік қолдау көрсету туралы шешім қабылданды.
5) Әлеуметтік көмек көрсету ережелері бекітіліп, қолдауға мұқтаж азаматтар санаттары анықталды.
6) Құқық бұзушылықтардың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және жер қатынастары мәселелері бойынша консультативтік және ведомствоаралық комиссиялардың құрамы жаңартылды.
Қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

 

АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ