Құрметті Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері!

Құрметті Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймыз!
Мемлекеттік кірістер органдарының қызметі елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды орын алады. Экономиканың дамуы, қоғамдағы әлеуметтік тұрақтылық, мемлекеттік бюджетке салық және кеден төлемдерінің тиімді түсуі, көлеңкелі экономикаға қарсы күрес, халықтың құқықтық сауаттылығы мен салық мәдениетін арттыру – осының барлығы мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің тынымсыз және қауырт жұмысы.
Құрметті барлық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері! Сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз және бүкіл ел үшін қажет, бірақ күрделі жұмысыңыз үшін алғысымды білдіреміз. Сіздердің кәсібіңіз болмаса, бірде-бір мемлекет жасай алмайды. Алдағы жұмысыңызға сәттілік тілейміз.