Төраға мәслихат депутаттарының алдында есеп берді

Төраға мәслихат депутаттарының алдында есеп берді
Қала әкімдігінің мәжіліс залында қалалық мәслихаттың кезекті жиырма жетінші сессиясы өтті. Сессияға қала әкімінің міндетін атқарушы Н.Исабеков, қала прокурорының, полиция басқармасының және қала бойынша кірістер басқармасының өкілдері, қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы, қала әкімдігінің бөлім басшылары мен мекеме басшылары қатысты.
 
Алдымен, қала әкімі аппаратының басшысы А.Тасеменов жаңадан тағайындалған аудан әкімдерін депутаттарға таныстырып өтті. Күн тәртібіне сәйкес «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу іс-шарасының орындалу барысы туралы» қалалық полиция басқармасының орынбасары Д.Азимов, тұрақты комиссия төрағасы М.Жұманқұлов,«Білім беру және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссияның есебі туралы» төрайымы Э.Абдинова, қала әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ж.Ордабаев «2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №25-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы баяндамалар жасады.
 
Сондай-ақ, Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты шарттардың жобасына келісу туралы және «Тараз қаласы әкімдігінің дербес құрамына келісім беру туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2022 жылғы 4 ақпандағы №12-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселелер қаралды.
 
Депутаттар аталған мәселелерді сессия отырысында жан-жақты талқылап, шешім қабылдады.