
Бүгін қалалық мәслихаттың кезекті 25-ші сессиясы өтті. Жиынға қала әкімі Б.Орынбеков, қала бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы, қала прокуратурасы мен төтенше жағдайлар мекемесінің өкілдері, қала әкімінің орынбасарлары, мекеме мен бөлім басшылары және т.б. қатысты.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша «2024-2026 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №11-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы қала әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ж.Ордабаев баяндады. Аталған мәселе бойынша депутаттар шаһар халқын толғандырған өзекті сұрақтарын қойып, оларды шешу жолындағы өз ұсыныстарын жеткізді.
Келесі кезекте, «2025 жылға арналған Тараз қалалық мәслихатының перспективалық жұмыс жоспарын бекіту туралы», «Тараз қалалық мәслихатының экономика, бюджет және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі», «Тараз қаласы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» және «Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты шарттардың жобасына келісу туралы» т.б. мәселелер қаралды.
Депутаттар сессияда қаралған барлық мәселелер бойынша жан-жақты талқылап, сұрақтар қойып, тиісті шешімдер қабылдады.