Депутаттар тарихи шешім қабылдады

Депутаттар тарихи шешім қабылдады

Қала әкімі Б.Орынбековтің қатысуымен өткен кезектен тыс жиырма төртінші сессияда бірқатар маңызды шешімдер қабылданды. Сессияға қала прокурорының, қалалық ішкі істер және қала бойынша мемлекеттік кірістер басқармаларының өкілдері, қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы, қала әкімінің орынбасарлары мен әкімдіктің бөлім басшылары қатысты.
Ең алдымен, қала әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы болған Т.Айменовты зейнет жасына шыққанымен құттықтап, әртүрлі марапаттарға ие болған депутаттарымыздың мәртебесін көтердік. Бұдан соң қала әкімі аппаратының персоналды басқару қызметінің басшысы Д.Нұрбеков жаңа бөлім басшыларын халық қалаулыларына таныстырды.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша «Тараз қаласында екі ауданды құру және аудандарының шекараларын белгілеу туралы» қала әкімдігінің жер қатынастары бөлімінің басшысы Н.Бекежанов сөз сөйледі. Жиында ол халық қалаулыларын жаңа екі ауданның шекарасымен таныстырып, қосылған елді мекендерді түсіндірді. Сонымен қатар, «Тараз қаласының бірқатар құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы» қала әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Б.Тоқсанбаева баяндады.
Кезектен тыс сессияны қортындылай келе, күн тәртібіне енгізілген барлық мәселелерді қарап, депутаттар олар бойынша тиісті шешімдер қабылдады.