
Сессия жұмысы басталмас бұрын Мемлекет басшысының өкімімен Ұлттық аза тұту күнінің жариялануына орай, ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғау жолында қаза болған әскери қызметшілердің рухына тағзым етіп, бір минуттық үнсіздік жарияладық.
Күн тәртібінде қала объектілерінің жылу беру маусымына дайындығы, тұрақты комиссияның есебі, 2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджетке өзгерістер енгізу, жер қатынастарына қатысты шарт жобалары, тұрғын үй көмегін көрсету тәртібіне өзгерістер енгізу және т.б. мәселелер қаралды.
Қаралған мәселелер бойынша депутаттар тарапынан тиісті шешімдер қабылданды.