Кезектен тыс сессия өтті

Кезектен тыс сессия өтті

Қала әкімі Б.Орынбековтің қатысуымен қалалық мәслихаттың  кезектен тыс қырықыншы сессиясы өтті. Сессияға қала әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері, полиция басқармасының басшысы, әкімдіктің бөлім және мекеме басшылары қатысты.    

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша Тараз қалалық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы «2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» №35-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы қала әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ж.Ордабаев баяндады. 

Сондай-ақ, сессияда «Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты шарттардың жобасына келісу туралы», «Тараз қаласы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы» және т.б. мәселелер қаралды. Депутаттар аталған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылдады.