Бүгін қала әкімі Б.Орынбековтің қатысуымен қалалық мәслихаттың кезектен тыс отыз тоғызыншы сессиясы өтті. Сессияға қала әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері, әкімдіктің бөлім және мекеме басшылары қатысты.
Ең алдымен, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын сапалы дайындауға, оны қабылдау жөніндегі жалпыхалықтық референдумды ұйымдастыруға және өткізуге айрықша атсалысқаны үшін Қазақстан Республикасының Президентінің және Жалпыұлттық коалициясының Жетекшісінің Алғыс хаттарымен, облыс әкімінің Құрмет грамотасымен бірнеше депутаттар марапатталды.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша «2026-2028 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №35-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» қала әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ж.Ордабаев баяндады.
Сондай-ақ, сессияда «Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты шарттардың жобасына келісу туралы», Тараз қаласында 2026-2027 жылдарға арналған «Тараз-қауіпсіз қала» жобасын іске асыру іс-шаралар жоспарын бекіту туралы және т.б. мәселелер қаралды.
Депутаттар аталған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылдады.