Конституциялық реформа бойынша кезекті отырыс өтті

Конституциялық реформа бойынша кезекті отырыс өтті

Бүгін «Жамбыл Су» мекемесінің еңбек ұжымымен Конституциялық реформаға қатысты кезекті талқылау отырысы өтті. 

Кездесуде Конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттары мен олардың ел дамуы үшін маңыздылығын қалалық мәслихат төрағасы кеңінен түсіндірді. 

Сонымен қатар, еңбек ұжымы тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, өзекті мәселелер бойынша ашық пікір алмасты. 

Мұндай басқосулар қызметкерлердің құқықтық мәдениетін арттыруға және жүргізіліп жатқан реформалардың мәнін түсіндіруге бағытталған.