Қалалық актив отырысында Жаңа Конституция жобасы кеңінен талқыланды

Қалалық актив отырысында Жаңа Конституция жобасы кеңінен талқыланды
Бүгін қала әкімі Б.Орынбековтың төрағалығымен өткен қалалық актив отырысында, Конституциялық реформалардың мән-маңызы жан-жақты талқыланды.
 
Жиында өз қалалық мәслихат төрағасы К.Олжабай өз баяндамасында Жаңа Конституция жобасының басты бағыттарына тоқталып, құжаттың жалпыхалықтық диалог пен кәсіби сараптаманың нәтижесінде әзірленгендігін атап өтті. 
 
Бұдан өзге Конституциялық комиссия жұмысының ашық форматта жүргізіліп, азаматтардың ұсыныстары кеңінен ескеріліп жатқанын да  жеткізді.
 
Сондай-ақ, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Солтыбаев, облыстық мәслихат депутаты Г.Умаров өз ой-пікірлерін білдірді. 
 
Бұл тарихи құжаттың тағдыры жалпыхалықтық референдум арқылы шешіледі. Сондықтан әрбір азамат ел болашағына бейжай қарамай, белсенді азаматтық ұстанымдарының танытады деп сенеміз.