Өңір басшысы қала тұрғындарымен кездесті

Өңір басшысы қала тұрғындарымен кездесті
Мемлекет басшысының Жарлығы аясында бүгін облыс әкімі Е.Қарашөкеев қала тұрғындарымен кездесті. Кездесуде аймақ басшысы көне шаһарды дамытудың перспективалық қадамдарына тоқталып, тұрғындар үшін өзекті саналатын инфрақұрылым және өзге де мәселелерді тізбектеді.
Кездесу ашық диалог форматында жалғасын тауып, облыс әкімі қала тұрғындарының көкейкесті сауалдарына жауап берді.