Сенат депутатымен кездесу өтті

Сенат депутатымен кездесу өтті

Бүгін қаламызда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Б.Орынбековпен маңызды кездесу өтті. Кездесуге қалалық қоғамдық кеңес пен ардагерлер кеңесінің мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары, қала әкімдігінің бөлім басшылары мен журналистер қатысты.

Жиын барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Атап айтқанда, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру, инфрақұрылымды дамыту, әлеуметтік қолдау, денсаулық сақтау мен білім беру салаларындағы түйткілді мәселелер кеңінен талқыланды.

Кездесу ашық диалог форматында өтіп, тараптар арасында өзара пікір алмасу жүзеге асты. Мұндай кездесулер жергілікті жердегі мәселелерді жоғары деңгейде көтеріп, халық пен билік арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді.