
Бүгін Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 91-бабына сәйкес, 2026–2028 жылдарға арналған қала бюджетінің жобасын талқылау бойынша қалалық мәслихаттың экономика, бюджет және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.
Жиынға тиісті мекемелердің басшылары мен қызметкерлері қатысып, алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік жоспарлау мәселелері талқыға түсті.
Сондай-ақ, халық қалаулылары ұсыныстар мен пікірлер айтып, қала бюджетінің тиімді әрі нәтижелі жүзеге асырылуына бағытталған маңызды жоспарларға аса мән берді.