
Бүгін қала әкімдігінің мәжіліс залында қала әкімі Б.Орынбековтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңеске қалалық мәслихат төрағасы К.Олжабай қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес аудан әкімдері санитарлық тазалық жұмыстарының барысы туралы баяндап, өзекті мәселелерді ортаға салды.
Аппараттық кеңесте қаңтар-қараша айларының қортындысымен қала бюджетінің орындалуы, мемлекеттік сатып алу конкурстарының өткізілуі, қала көшелері мен көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын сыртқы жарықтандыру жұмыстары, сауда базарларын қайта жаңғырту сынды т.б. мәселелелер талқыға түсті.
Бұдан өзге аудан әкімдеріне меншік иелерімен өзара жұмысты күшейту жөнінде ұсыныстар айтылып, бірқатар хаттамалық тапсырмалар жүктелді.