Қала әкімі Б.Орынбековтің қатысуымен қалалық мәслихаттың кезектен тыс отызыншы сессиясы өтті. Сессияға қала әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдері, қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы, полиция басқармаларының өкілдері, әкімдіктің бөлім және мекеме басшылары қатысты.
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша «2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджет туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №25-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» қала әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Ж.Ордабаев баяндады.
Сондай-ақ, сессияда «Тараз қаласы әкімдігі жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңестің құрамын бекіту туралы», «Тараз қаласы әкімдігінің дербес құрамына келісім беру туралы» және т.б. мәселелер қаралды. Депутаттар аталған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылдады.