Сессияда жаңа депутаттар таныстырылды

Сессияда жаңа депутаттар таныстырылды

Қала әкімдігінің мәжіліс залында қалалық мәслихаттың кезекті жиырма тоғызыншы сессиясы өтті. Сессияға қала әкімі Б.Орынбеков, қалалық полиция басқармасының және қала бойынша кірістер басқармасының өкілдері, қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы, аудан әкімдері мен қала әкімдігінің бөлім басшылары және т.б. қатысты.

Ең әуелі  қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы У.Байдуанов Байзақ және Жамбыл аудандарынан қаламызға өткен сайлау учаскелері бойынша құрылған сайлау округтерінің депутаттарын таныстырып, куәліктерін табыс етті. Күн тәртібіне сәйкес «Білім беру ұйымдарында балалардың демалысы мен сауықтырылуын қамтамасыз ету іс-шараларының орындалу барысы туралы» қалалық білім бөлімінің басшысы Р.Қожамжарова, «Инфрақұрылым, коммуналдық шаруашылық және жер қатынастары жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі туралы» Б.Тоқтағұл баяндамалар жасады.

Сондай-ақ, Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты шарттардың жобасына келісу туралы және «Тараз қаласы әкімдігінің дербес құрамына келісім беру туралы» Тараз қалалық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы №1-4, №1-5, №1-6, №1-7 шешіміндеріне өзгерістер енгізу туралы» мәселелер қаралды.

Сессия жұмысында қаралған барлық мәселелер бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.