Кезекті аппараттық кеңес өтті

Кезекті аппараттық кеңес өтті
Бүгін қала әкімі Б.Орынбековтің төрағалық етуімен кезекті кеңейтілген аппараттық кеңеске қатыстым. Күн тәртібіне сәйкес, «Қаладағы ауыз су есептегіш құралдарын орнату жұмыстары туралы» «Жамбыл су» МКК директорының міндетін атқарушы Г.Даулаткулованың баяндамасы тыңдалды.
 
Содан соң, аппараттық кеңесте қаңтар-маусым айларындағы қала бюджетінің орындалуы және әлеуметтік-экономикалық дамуы, қаланың 2026-2030 жылдарға арналған даму картасы, мемлекеттік сатып алу конкурстарының өткізілу барысы, білім мекемелеріндегі жапсарлас құрылыс пен күрделі жөндеу жұмыстары туралы т.б. маңызды мәселелер қаралды.
 
Күн тәртібінде қаралған барлық мәселелер бойынша аудан және бөлім басшылары мен жауапты мамандарды тыңдаған қала әкімі анықталған кемшіліктерді тез арада қалыпқа келтіруді тапсырып, тиісті тапсырмалар берді.