Талғар аудандық мәслихатының тұрақты комиссия отырысы өтті.

Талғар аудандық мәслихатының тұрақты комиссия отырысы өтті.

Үлкен Алматы каналының санитарлық жағдайы бойынша Талғар аудандық мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысы өтті, оған ҮАК басшылығы С.Есеген мен Қ.Жазылбеков, Алматы облысының экология департаментінен Б.Мамеков, Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясының инспекторы А.Акбаров, Панфилов ауылдық округінің әкімі Д.Дәулеталиев, Белбұлақ, Тұздыбастау, Кеңдала ауылдық округ әкімі аппараттарының мамандары және Белбұлақ ауылының белсенділері А.Щербакова, Н.Сулимова қатысты. Үлкен Алматы каналы толық көлемде жұмыс істемесе де, Алматы облысының ауыл шаруашылығы қажеттіліктері үшін суармалы мақсаттағы су жолы болып қалатынын ұмытпауымыз керек. Арнаның тарихи құндылығы да бар және оның санитарлық-техникалық жағдайы тиісті деңгейде қалуы керек! Отырыс белсенді сындарлы диалогта өтті, барлық тараптар тыңдалып, белгілі шешімдер қабылданды.