Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау бір күнде – 19 наурызда өтеді

Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау бір күнде – 19 наурызда өтеді

Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау бір күнде – 19 наурызда өтеді.

2023 жылдың 19 наурызында Мәжіліспен қатар мәслихат депутаттарын да кезектен тыс сайлау ұсынылды. Орталық сайлау комиссиясы қаулы жобасын қабылдады

Сайлау туралы конституциялық заңның нормаларына сәйкес, өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылған мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын Орталық сайлау комиссиясы тағайындайды және бұл сайлау мәслихаттар өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап екі айдан кешіктірілмей өткізілуге тиіс. Осылайша, ҚР Президентінің жарлықтарына сәйкес, бүгінгі күннен бастап Парламент Мәжілісі мен мәслихаттардың депутаттарын сайлау науқаны басталды.

Осыған байланысты мәслихат депутаттарын кезектен тыс сайлауды науқан өткізудің жекелеген ұсыну, тіркеу, үгіт жүргізу кезеңдерін біріздендіру мақсатында ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауымен бірге өткізу, яғни 19 наурызға тағайындау ұсынылады

мәслихат депутаттарын сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді тиісті аумақтық сайлау комиссиялары қамтамасыз етеді.

Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы мәлімдеме жасады.