Талғар ауданының әкімі тағайындалды

Талғар ауданының әкімі тағайындалды

ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслиxатының келісімімен, Алматы облысы әкімінің өкімімен Танат Есенкелдіұлы Айдарбеков Талғар ауданның әкімі  лауазымына тағайындалды.
Жаңа әкімді өңір активіне Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев таныстырды. Өз сөзінде облыс басшысы аймақ ахуалында айрықша орны бар аудан әкімдігінің алдында тұрған міндеттерді атап өтті. Олардың ішінде ауданға инвесторларды тарту жұмыстарын жандандыруды;
- ауданның елді мекендерін ауыз сумен жабдықтау жұмыстарын жалғастыруды;  
- құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілуін және нысандардың уақытылы қолданысқа берілуін қадағалауды;
- жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша жұмысты жалғастыруды;
- пайдаланылмай жатқан жайылымдық жерлерді қайтару бойынша жұмыстарды жандандыру.

Танат Есенкелдіұлы Айдарбеков

1971 жылы туған, қазақ, білімі жоғары, 1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «Экономист-бухгалтер» мамандығы және 2017 жылы Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университетін «құқық бакалавры» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1996 жылы «Қуаныш» акционерлік қоғамының есепшісі болып бастады.
Әр жылдары Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының экономика бөлімінің бас маманы, Түрксіб ауданы әкімі аппаратының бөлімі басшысы, Түрксіб ауданы әкімінің орынбасары, Бостандық ауданы әкімінің орынбасары, Алматы облысы Кербұлақ ауданы әкімінің орынбасары, Алматы облысы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы лауазымдарын атқарған.
2021 жылдың маусым айынан Алматы қаласы бойынша Қазынашылық департаментінің басшысы лауазымын атқарған.