Алматы облысы Талғар аудандық мәслихатының
округтік сайлау комиссияларының құрамын қалыптастыру туралы
ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Алматы облысы Талғар аудандық мәслихаты 25 округтік сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы хабарлайды.
Округтік сайлау комиссиясы бес мүшеден тұратын құрамда құрылады.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына аталған саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардан ұсыныстар түспеген жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2022 жылғы 29 желтоқсаннан бастап 2023 жылғы 12 қаңтарға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:
1) сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы белгіленген нысандағы электронды және қағаз түрінде мәліметтер;
2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссияларының шешімдерінен үзінді;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына белгіленген нысан бойынша қатысуға келісімі туралы өтініштері.
Сайлау комиссиялары құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісім беруі туралы өтініштерінің нысаны мәслихаттың сайтына орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.
Осы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа ұсынылатын барлық қағаз нұсқадағы құжаттарда басшының қолы қойылған, мөрмен бекітілген және орындалу датасы, орындаушының фамилиясы, аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген болуы тиіс.
Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2023 жылғы 12 қаңтарға дейін дүйсенбі мен жұма аралығында сағ. 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағ.13:00-ден 14:30-ға дейін.
Талғар аудандық мәслихаты
Талғар аудандық мәслихатының хатшысы – Әлібеков М.Б.
Мәслихаттың орналасқан жері: Талғар қаласы, Қонаев көшесі, 65 үй, 4 қабат, 401 кабинет.
Жауапты тұлға – Амантайқызы Гауһар, № 401 каб., қалааралық телефонкоды (872774), қызметтік, ұялы телефондарының нөмірі: 20692, 87017417408, электрондық пошта мекенжайы – talgar-maslihat@mail.ru.
№ р/с |
Сайлау округінің нөмірі |
Сайлау комиссиясының орналасқан жері |
Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны
|
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
||||
Округтік сайлау комиссиялары – 25
|
|||||||
1. |
№1 |
орталығы – Талғар қаласы, Ю. Гагарин көшесі № 31, «Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Талғар ауданындағы «Ю. Гагарин атындағы дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын № 8 арнаулы гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
5 |
|
|||
2. |
№2 |
Талғар қаласы, Пушкин көшесі № 28, Талғар ауданы әкімдігінің «Талғар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «И.Ф. Халипов атындағы № 1 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі |
5 |
|
|||
3. |
№3 |
Талғар қаласы, А. Шевцов көшесі № 8а, Талғар ауданы әкімдігінің «Талғар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 4 жалпы білім беретін орта мектеп-лицейі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі |
5 |
|
|||
4. |
№4 |
орталығы – Талғар қаласы, Қарасай батыр көшесі № 34/1, Талғар ауданы әкімдігінің «Талғар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жамбыл Жабаев атындағы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар № 6 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі |
5 |
|
|||
5. |
№5 |
Талғар қаласы, Қарасай батыр көшесі № 34/1, Талғар ауданы әкімдігінің «Талғар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Жамбыл Жабаев атындағы мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар № 6 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі |
5 |
|
|||
6. |
№6 |
Талғар қаласы, Абай көшесі, 89, Абай атындағы №3 жалпы білім беретін орта мектебінің ғимараты. |
5 |
|
|||
7. |
№7 |
Талғар қаласы, Павлов көшесі № 24а, «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Талғар Медициналық колледжі» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының әкімшілік ғимараты |
5 |
|
|||
8. |
№8 |
Қызыл-Қайрат ауылы, М. Мәметова көшесі № 101, Талғар ауданы әкімдігінің «Талғар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар № 19 көпсалалы мектеп-гимназиясы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі |
5 |
|
|||
9. |
№9 |
Рысқұлов ауылы, Бокин көшесі № 2, Талғар ауданы әкімдігінің «Талғар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Т. Рысқұлов атындағы № 16 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі |
5 |
|
|||
10. |
№10 |
Белбұлақ ауылы, Ы.Алтынсарин көшесі № 16, Талғар ауданы әкімдігінің «Талғар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 10 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі |
5 |
|
|||
11. |
№11 |
Бірлік ауылы, М. Мәметова көшесі № 1, Талғар ауданы әкімдігінің «Талғар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қ. Әбдіғұлов атындағы №34 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі. |
5 |
|
|||
12. |
№12 |
Тұздыбастау ауылы, Жылқыбай көшесі № 153, Талғар ауданы әкімдігінің «Талғар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 31 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі |
5 |
|
|||
13. |
№13 |
Тұздыбастау ауылы, Қазыбек би көшесі № 1, Талғар ауданы әкімдігінің «Талғар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 13 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі |
|
|
|||
14. |
№14 |
Бесағаш ауылы, Ломоносов көшесі № 7б, Талғар ауданы әкімдігінің «Талғар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар № 29 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі |
|
|
|||
15. |
№15 |
Бесағаш ауылы, Құдайбердиев көшесі № 149, Талғар ауданы әкімдігінің «Талғар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар № 28 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі |
5 |
|
|||
16. |
№16 |
Бесағаш ауылы, А. Хамраев көшесі № 30, Талғар ауданы әкімдігінің «Талғар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар № 45 жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі |
5 |
|
|||
17. |
№17 |
Кеңдала ауылы, Қабанбай батыр көшесі № 2, Талғар ауданы әкімдігінің «Талғар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 42 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі |
5 |
|
|||
18. |
№18 |
Ақтас ауылы, Жаңақұрылыс № 70, Талғар ауданы әкімдігінің «Талғар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар № 36 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі |
5 |
|
|||
19. |
№19 |
Панфилов ауылы, Томаровский көшесі № 9, Талғар ауданы әкімдігінің «Талғар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар № 17 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі |
5 |
|
|||
20. |
№20 |
Панфилов ауылы, Ш. Уәлиханов көшесі № 8, Талғар ауданы әкімдігінің «Талғар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 33 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі |
5 |
|
|||
21. |
№21 |
Қызылту ауылы, К. Тарпанов көшесі № 21, Талғар ауданы әкімдігінің «Талғар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 24 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі. |
5 |
|
|||
22. |
№22 |
Гүлдала ауылы, Жібек Жолы көшесі № 1, «Элеватормельстрой» акционерлік қоғамының «Краснопльская межобластная специализированная передвижная механизированная колонна» филиалының әкімшілік ғимараты |
5 |
|
|||
23. |
№23 |
Еркін ауылы, Киров көшесі № 24, Талғар ауданы әкімдігінің «Талғар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 26 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі |
5 |
|
|||
24. |
№24 |
Жалғамыс ауылы, Школьная көшесі № 2, Талғар ауданы әкімдігінің «Талғар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 15 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі |
5 |
|
|||
25. |
№25 |
Нұра ауылы, Бұралқиев Құрманғали көшесі № 5а, Талғар ауданы әкімдігінің «Талғар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар № 12 жалпы білім беретін орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесі |
5 |
|
|||