2022 жылдың 25 қарашасында Талғар аудандық мәслихатының кезектен тыс 34 сессиясы өтті. Сессияға аудан әкімінің орынбасарлары О.Ө.Қаспақбаев, Е.М.Толқынов, облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы С.Қ. Сәдуақасов, жергілікті атқарушы мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.
Күн тәртібіндегі қаралған сұрақтар:
- Талғар ауданы Кеңдала ауылдық округі, Ақдала және Кеңдала ауылдарының бас жоспарларына өзгерістер енгізу туралы.
- Талғар аудандық мәслихатының 2021 жылғы 17 қарашадағы №14-49 «Талғар ауданының әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Талғар ауданы әкімдігі жанындағы аудандық терроризмге қарсы комиссия құрамын бекіту туралы.
Сессияда аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Д.Мұқанов сөз сөйледі.