Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: Жаңа бағдарламалық құжат талқыланды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: Жаңа бағдарламалық құжат талқыланды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл: Жаңа бағдарламалық құжат талқыланды
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің ұсынысымен, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы жаңа бағдарламалық құжатты әзірлеу тәсілдеріне арналған маңызды кездесу өтті.
Жиын барысында жемқорлықтың алдын алу тетіктерін жетілдіру, қоғамда «парасаттылық» мәдениетін қалыптастыру және мемлекеттік мекемелердің ашықтығын арттыру мәселелері көтерілді.
Депутаттар жұмыс тиімділігін арттырудың бірден бір тетігі ретінде - мәслихат депутаттарын әкімдіктер жанындағы бюджет комиссияларының құрамына енгізуді қамтамасыз етіп, жергілікті бюджеттерді жоспарлау мен атқару сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдасын, бюджеттік өтінімді әзірлеуге қатысу міндеттілігін заңдық күшке ие норма ретінде енгізуді ұсынды.
Әрбір ұсыныс — ертеңгі әділ қоғамның іргетасы.