ТАЛҒАР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТТАТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

ТАЛҒАР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТТАТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

ТАЛҒАР АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТТАТАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

 

Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Заңының 10 бабы 3 тармағына сәйкес, VIІI шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті XLVІІI сессиясы 2025 жылғы 29 қазанда сағат 09:00-де шақырылады. Өтетін орны аудандық әкімдік ғимаратының кіші мәжіліс залы (5 қабат).

 

Күн тәртібінде:  

  1. «Талғар ауданының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» Талғар аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы №35-128 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. «Талғар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, халықты жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар саласында басшылықты жүзеге асыру мен әлеуметтік қолдау мәселелері туралы есебі.
  3. «Талғар ауданының мәнсап орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директорының - халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын көрсету, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын іске асыру, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды ұйымдастыру мен орталықтың негізгі міндеттерінің сапалы орындалуы туралы есебі.
  4. «Талғар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының - аудандық ауыл шаруашылығы саласының әлеуетін толық іске асыру мен дамыту жөніндегі жергілікті атқарушы органның қызметі және ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелерді шешу бойынша қабылданған шаралар туралы есебі.
  5. Талғар ауданы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия құрамын бекіту туралы.