Талдықорған қалалық мәслихатының №11 сайлау округінен сайланған депутаты Тұлымшақова Гүлниса Досанқызы «Балалар әлемі» балабақшасының ұжымын 10 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Ол өз сөзінде балабақша ұжымына он жыл ішінде бала тәрбиесіне қосқан үлестері, жоғары кәсібиліктері және қоғамның болашағын қалыптастыру жолындағы тынымсыз еңбектері үшін алғыс білдіріп, ізгі тілегін жеткізді.