Бүгін Талдықорғанда "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы өтті

Бүгін Талдықорғанда "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы өтті

Талдықорған қалалық мәслихатының депутаттары бүгін қалада өткен "Таза Қазақстан" экологиялық акциясына белсене қатысты. Іс-шара аясында Каратал ықшам ауданында көшет отырғызылып, Каратал өзенінің жағалауы тазартылды.

Акцияның негізгі мақсаты – қала тұрғындары үшін жайлы және экологиялық таза орта қалыптастыру, экологиялық мәдениетті арттыру және қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қоғам назарын аудару.