Талдықорған қалалық мәслихатының төрағасы, №17 сайлау округінің депутаты Ахажан Темірболат Жанболатұлы Еркін ауылдық округіндегі бірқатар нысандарды аралап шықты.

Атап айтқанда, депутат футбол алаңын, ауылкіреберісіндегі стелланы және елді мекендердіабаттандыру мен инженерлік желілердің жай-күйімен танысты. Сонымен қатар, Еркін ауылындағы Мәдениет үйінің құрылыс жұмыстарының басталуымен танысып, учаске басшысыменжұмыстың барысын талқылады.
 
Аралау барысында депутат нысандардағы бірқатар кемшіліктерді атап өтті. Атап айтқанда, объектінің төлқұжатының болмауы, өндірістік жұмыстардың графигінің жасалмауы және еңбек қауіпсіздігі талаптарының толық сақталмауы мәселелеріне назар аударды.
 
Еркін ауылдық округінің әкімі Қанат Рыспеков баяндама жасап, округте ағымдағы жылдың басындабөлінген қаражат есебінен атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде мәлімет берді.