Талдықорған қалалық мәслихатында

Талдықорған қалалық мәслихатында

Ағымдағы жылдың 15 сәуірінде Талдықорған қалалық мәслихатының «Заңдылықты сақтау, қала құрылысы, тұрғын үй шаруашылығы және жол-көлік инфрақұрылымы мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясының отырысы өтті. Күн тәртібінде «Жазғы суару маусымына дайындық туралы» мәселе қаралды.
Отырыс барысында «Қазсушар» РМК Ескелді өндірістік учаскесі басшысының орынбасары су беру мәселесі және гидротехникалық құрылыстар мен су өткізгіш арналарға қатысты мәселелер туралы баяндама жасады. Сондай-ақ, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің өкілі ішкі қалалық арық желілері мен инженерлік құрылыстардың дайындығы жөнінде баяндады.
Күн тәртібіндегі мәселені егжей-тегжейлі зерделеу мақсатында отырыстан кейін депутаттар Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі және «Қазсушар» РМК өкілдерімен көшпелі отырыс өткізіп, ағымдағы жағдаймен танысты.