Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 1 тамыздағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» № 211 бұйрығының 2-тарауына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихатының «Заңдылықты сақтау, қала құрылысы, тұрғын үй шаруашылығы және жол-көлік инфрақұрылымы мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясы 2025 жылдың 19 ақпанында, сағат 16:00-де Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Өтенай ауылдық округі, Ынтымақ ауылы, Желтоқсан көшесі, 7 СТ-Е мекенжайында орналасқан «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар ынтымақ ауылындағы №30 орта мектеп» КММ-нің акт залында Талдықорған қаласының құрамдас бөліктеріне атау беру бойынша көпшілік тыңдау өткізеді:
№ |
Бұрыңғы атауы |
Жаңа атауы |
1 |
№5 жаңа көше «Береке» тұрғын үй алабы
|
Жүсіп Әбдірахманов
|
2 |
№21 жаңа көше «Береке» тұрғын үй алабы
|
Жұматай Жақыпбаев
|
3 |
№22 жаңа көше «Береке» тұрғын үй алабы
|
Көкжиде |
4 |
№24 жаңа көше «Береке» тұрғын үй алабы
|
Алтынқорған |
5 |
№25 жаңа көше «Береке» тұрғын үй алабы
|
Көктас |
Осыған орай, қала тұрғындарын аталған көпшілік тыңдау жұмысына қала тұрғындарының белсенді түрде қатусыларын сұраймыз.
Анықтама телефондары:
«Талдықорған қалалық мәслихатының аппараты» ММ-нің ж. т.: 24-01-84
«Талдықорған қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ-нің ж. т.: 24-13-48
Талдықорған қалалық мәслихатының
«Заңдылықты сақтау, қала құрылысы,
тұрғын үй шаруашылығы және жол-
көлік инфрақұрылымы мәселелері
жөніндегі» тұрақты комиссиясы