Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні құтты болсын!

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні құтты болсын!

Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұран – Тәуелсіздігіміздің мызғымас тұғыры, халқымыздың бірлігі мен елдігінің айқын белгісі.

Бүгінде еліміз бірлік пен татулықтың, тұрақтылық пен жасампаздықтың жолымен алға нық қадам басып келеді. Мемлекеттік рәміздеріміз халқымызды ортақ мақсаттарға жұмылдырып, ел дамуының жаңа белестеріне жетелей береді.

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, толайым табыс тілейміз! Тәуелсіз Қазақстанымыздың көк байрағы әрдайым биікте желбірей берсін!

Ізгі тілекпен, Талдықорған қалалық мәслихаты