
Талдықорған қаласында дарынды балалар мен талантты жастарды марапаттауға арналған салтанатты іс-шара өтті. Аталған шараның басты мақсаты – жас буынның білімге, өнерге және қоғамдық белсенділікке деген қызығушылығын арттыру, олардың жетістіктерін дәріптеу.
Салтанатты іс-шараға Талдықорған қалалық мәслихатының төрағасы мен депутаттары қатысып, жастардың жетістіктерін жоғары бағалап, алдағы уақытта да қолдау көрсетілетінін атап өтті.