
Талдықорған қалалық мәслихатының №5 сайлау округінің депутаты, «Заңдылықты сақтау, қала құрылысы, тұрғын үй шаруашылығы және жол-көлік инфрақұрылымы мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясының мүшесі Қауысбеков Владимир Оңалбайұлы өз сайлау округінің тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында көтерген сұрақтар мен ұсыныстар депутат тарапынан назарға алынды.