Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Талдықорған қалалық мәслихатының VІIІ шақырылымдағы кезекті 53 сессиясы 2026 жылдың 29 сәуір күні, сағат 10:00 шақырылады.
Сессияның өтетін жері: Талдықорған қаласы, Абай көшесі, 256. Сессия отырысы қалалық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында өтеді ( 3 қабат).
Күн тәртібі:
- «2025 жылғы Талдықорған қаласы бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қарау және бекіту туралы»;
- «2025 жылға арналған жергілікті бюджетті сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау нәтижелері бойынша Жетісу облысы бойынша тексеру комиссиясының жұмысы туралы есебі»;
- «2025 жылғы Талдықорған қаласы Еркін және Өтенай ауылдық округтері бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті қарау және бекіту туралы»
- Әр түрлі.