
Елордасы Астана қаласында барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумы өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бұл басқосудың еліміз үшін мән-маңызы айрықша екенін атап өтті. Жиында кешенді саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асырудағы, мемлекеттік басқару жүйесіндегі мәслихаттардың рөлі талқыланды.
Сондай-ақ, Талдықорған қалалық мәслихатының депутаты Ғалия Молдаханова сұхбат беріп, жергілікті өкілді органның қызметі, сайлаушылармен өзара байланыс және қаладағы өзекті мәселелерді шешу бағытында мәслихат депутаттары тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.