
Талдықорған қалалық мәслихатының депутаттары Гүлниса Тұлымшақова, Алсу Габдракипова және Батыр Машеков Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясының ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында жаңа Конституция жобасы, сондай-ақ өзге де өзекті мәселелер талқыланды. Кездесуге қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тиісті түсіндірмелер алды.