
Талдықорған қалалық мәслихаты депутаттары Жастар спорт сарайының ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесуге қалалық мәслихат төрағасы Темірболат Ахажан, сондай-ақ депутаттар Анарбек Моңғол, Гүлниса Тұлымшақова және Ғалия Молдаханова қатысты.
Іс-шара барысында жаңа Конституция жобасы, қаладағы спорт саласының дамуы, сондай-ақ мәслихаттың атқарып жатқан жұмыстары талқыланды.
Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасты.