
Ағымдағы жылғы 22 желтоқсан күні Талдықорған қалалық мәслихатының VIII шақырылымының кезекті XLVII сессиясы өтті.
Сессия барысында күн тәртібіне сәйкес төмендегі мәселелер қаралды:
1. Талдықорған қалалық мәслихатының 2025 жылы атқарылған жұмысы туралы ақпарат.
2. Талдықорған қаласының 2026–2028 жылдарға арналған бюджеті туралы.
3. Әр түрлі.
Сессия жұмысына қала әкімі, қала әкімінің орынбасарлары, сондай-ақ қалалық әкімдіктің құрылымдық бөлімдерінің басшылары қатысты.