
2025 жылғы 21 қазан күні Талдықорған қалалық мәслихатының «Заңдылықты сақтау, сәулет-құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және жол-көлік инфрақұрылымы мәселелері» тұрақты комиссиясы қаланың құрамдас бөліктеріне атау беру бойынша көпшілік тыңдау өткізді.
Қала тұрғындары 3-бөлімшедегі екі көшеге Ұлы Отан соғысының ардагерлері Серғали Күнчаев пен Абдықадыр Болсамбеков есімдерін беруді қолдады.