Ағымдағы жылдың 7 қазан күні Қаржы, Ұлттық экономика және Ауыл шаруашылығы министрліктері мен облыстық Мемлекеттік кірістер департаменті басшылығының қатысуымен экономикалық саясат пен жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіру және талқылауға арналған кездесу өтті. Іс-шараға Жетісу облысының бизнес өкілдері, мәслихат депутаттары, жергілікті атқарушы органдар мен басқа да мүдделі тараптар қатысты.