
2025 жылғы 17 шілдеде Талдықорған қалалық мәслихатының «Заңдылықты сақтау, қала құрылысы, тұрғын үй шаруашылығы және жол-көлік инфрақұрылымы мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясының қатысуымен көшпелі іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара аясында депутаттар қаланың бірнеше аумағында жүргізіліп жатқан жол жөндеу және абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты. Атап айтқанда, Жастар-2, 3-бөлімше, Шығыс және Көктал шағын аудандары, Бірлік және Құлагер ықшам аудандар, сондай-ақ Рүстембеков, Гагарин көшелері мен Қызылтас саяжайы нысандарына барды.