24.12.2024 жылы сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті ХХХІІІ сессиясының тұрақты комиссия отырысы өтті.
КҮН ТӘРТІБІ
1. Талас ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттердің орындалуы туралы есебі;
2. Ауданда халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағытында атқарылған жұмыс туралы;
3. Аудан аумағында құқық бұзушылықтардың алдын алу мен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстар туралы;
4. Қаратау қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы және тұрғындарының тұрмысын жақсарту бағытында атқарған жұмыстары мен алдағы жүзеге асыратын жобалары туралы;
5. Ауданның 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту;
6. Талас аудандық мәслихаттың 2025 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы
7. Талас аудандық мәслихатының 2023 жылғы 25 желтоқсандағы «Аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы» №13-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
8. Талас аудандық мәслихатының 2024 жылғы 15 шілдедегі «Жаңадан құрылған №518 учаскелік сайлау комиссиясының құрамын қалыптастыру туралы» №25-2 шешіміне толықтырулар енгізу туралы;
9. Талас аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы «Талас аудандық округтік сайлау комиссияларының құрамдарын қалыптастыру туралы» №39-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер толығымен талқыланып, ұсыныс пікірлер айтылды.