
Талас аудандық мәслихатының
ХАБАРЫ
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10,19-баптарына сәйкес, Талас аудандық мәслихаты округтік және учаскелік сайлау комиссияларының босаған орындарын қалыптастыру жөнінде хабарлайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2026 жылғы 13 мамырдан бастап 28 мамырына дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:
1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;
2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.
Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.
Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерінқұру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.
Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 13 мамырдан бастап 28 мамырына дейін дүйсенбі - жұма күндері 09:00-18:30 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ге дейін жүзеге асырылады.
Белгіленген мерзімнен кейін түскен құжаттар қарауға жатпайды.
Талас аудандық мәслихатының төрағасы – Садубаев Кадирбек Рыскулбекович
Мәслихаттың орналасқан жері: Қаратау қаласы, Достық алаңы, №1.
Жауапты маман – Құлыбай Дастан Рүстенбекұлы, каб. № 209, қызметтік телефоны: 8(72644) 62511, ұялы телефоны: 8 776 646 54 94, электрондық пошта мекенжайы: talas_maslikhat@mail.kz
Талас аудандық мәслихаты округтік және учаскелік сайлау комиссияларының
құрамынан шығып кеткен мүшелерінің орнына жаңа мүшелерді сайлайды
|
Рет саны |
Сайлау учаскесінің нөмірі |
Мекен-жайы мен орналасқан жері |
Сайлау комиссиясының шығып кеткен мүшелерінің орнына сайланатын мүшелерінің саны |
|
Округтік сайлау комиссиясы |
|||
|
1 |
№2 |
Бостандық ауылы, Р.Байжанов көшесі №16, Алғабас орта мектебінің ғимараты |
1 |
|
2 |
№5 |
Майтөбе ауылы, И.Көксалов көшесі №1, Майтөбе ауылдық клубының ғимараты |
1 |
|
3 |
№6 |
Есейхан ауылы, А.Омарұлы көшесі №7, Есейхан ауылдық мәдениет үйінің ғимараты |
1 |
|
4 |
№7 |
Қаратау қаласы, Б.Момышұлы көшесі 75, М.Әуезов атындағы орта мектебінің ғимараты |
1 |
|
5 |
№8 |
Қаратау қаласы, М.Дулатов көшесі 23, С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің ғимараты |
1 |
|
6 |
№10 |
Қаратау қаласы, А.С.Пушкин көшесі 7, лицей - мектебінің ғимараты |
2 |
|
7 |
№11 |
Қаратау қаласы, А.Ақшораев көшесі 12, №1 лицей - мектебінің ғимараты |
1 |
|
8 |
№13 |
Қаратау қаласы, Шахтерлер көшесі 28 В, Талас ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің Бұқаралық спорттық іс-шаралар өткізу орталығының ғимараты |
1 |
|
Учаскелік сайлау комиссиясы |
|||
|
1 |
№ 390 |
С.Шәкіров ауылы, О.Жылымбет №28, Мәдениет үйінің ғимараты |
1 |
|
2 |
№ 405 |
Тамды ауылы, Ш.Әбілдаев №3, Мәдениет үйінің ғимараты |
2 |
|
3 |
№ 407 |
Қожағаппар ауылы, Ш.Елеусізұлы, №11, Қ.Қошманбетов атындағы негізгі мектебінің ғимараты |
2 |
|
4 |
№409 |
Қасқабұлақ ауылы, Тәуелсіздік көшесі 4, ауылдық клуб ғимараты |
2 |
|
5 |
№410 |
Қараой ауылы, Б.Асанбайұлы №32, Бірлестік орта мектебінің ғимараты |
3 |
|
6 |
№412 |
Қаратау қаласы, М.Дулатов көшесі 23, С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің ғимараты |
1 |
|
7 |
№415 |
Қаратау қаласы, Ә.Ақшораева №16, №1 лицей - мектебінің ғимараты |
1 |
|
8 |
№518 |
Қаратау қаласы, 3 мөлтекауданы №45 Б, А.С.Пушкин атындағы орта мектебі |
1 |