Талас аудандық мәслихат депутаттарының
НАЗАРЫНА
Сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті 56 сессиясы 2026 жылғы сәуір айының 20 – шы жұлдызы күні сағат 11:00 де аудан әкімінің үлкен мәжіліс залында мынадай күн тәртібімен шақырылады:
- Талас аудандық мәслихатының төрағасының және аппаратының 2025 жылы атқарылған жұмысы туралы есебі;
- 2025 жылдың қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің орындалуы, бюджет қаражатының игерілуі және алдағы атқарылатын жоспарлар туралы;
- Ауданға инвестиция тарту, шағын және орта бизнесті дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы;
- Ауданда тұрғындарға коммуналдық қызмет ұсынушы және халыққа қызмет көрсетуші ұйымдардың жұмысы туралы;
- Әр түрлі мәселелер.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы 2026 жылдың сәуір айының 20-шы жұлдызында сағат 09 – 00 де өткізіледі.