Саяси партиялардың және өзге де қоғамдық бірлестіктердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің назарына

Саяси партиялардың және өзге де қоғамдық бірлестіктердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің назарына

Саяси партиялардың және өзге де қоғамдық

бірлестіктердің, олардың құрылымдық

бөлімшелерінің  назарына

Талас аудандық мәслихатының

ХАБАРЫ

          «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – Сайлау туралы Конституциялық заң) 10, 19-баптарына сәйкес, Талас аудандық мәслихаты учаскелік сайлау комиссияларының босаған орындарын қалыптастыру жөнінде хабарлайды.

         Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.

         Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

         Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.

         Саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияларға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары  2026 жылғы 29 қаңтарынан бастап 13 ақпанға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

        1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

        2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

        3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы  құжаттың көшірмесі;

       4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері.

       Сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері мәслихат сайтында орналастырылған.   

       Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

       Сайлау комиссиясының мүшесi осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында тұруға тиiс.

        Сайлау туралы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі сол ұйымның қызметкерлері болмауға тиіс.

        Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.    

         Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

        Сайлау комиссияларының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2026 жылғы 29 қаңтарынан бастап 13 ақпанға дейін дүйсенбі - жұма күндері 09:00-18:30 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ге дейін жүзеге асырылады.

Белгіленген мерзімнен кейін түскен құжаттар қарауға жатпайды.

Талас аудандық мәслихатының төрағасы – Садубаев Кадирбек Рыскулбекович

Мәслихаттың орналасқан жері: Қаратау қаласы, Достық алаңы, №1.

Жауапты маман – Құлыбай Дастан Рүстенбекұлы, каб. № 209, қызметтік телефоны: 8(72644) 62511, ұялы телефоны: 8 777 824 72 74, электрондық пошта мекен жайы: talas.maslikhat@mail.ru

Талас аудандық мәслихаты учаскелік сайлау комиссияларының

 құрамынан шығып кеткен мүшелерінің орнына жаңа мүшелерді сайлайды

Рет саны

Сайлау учаскесінің

нөмірі

Мекен-жайы мен

орналасқан жері

Сайлау комиссиясының  шығып кеткен  мүшелерінің орнына сайланатын мүшелерінің саны

Учаскелік сайлау комиссиясы

1

№389

Ақкөл ауылы, М.Әуезов №65, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің ғимараты

2

2

№390

С.Шәкіров ауылы, О.Жылымбет №28, Мәдениет үйінің ғимараты

1

3

№392

Бостандық ауылы, Р.Байжанов №16, Алғабас орта мектебінің ғимараты

4

4

№396

Үшарал ауылы, Ә.Сағынтаев №5, Мәдениет үйінің ғимараты

2

5

№ 397

Қайыр ауылы, Қайыр көшесі №12, Абай атындағы негізгі мектебі

1

6

№402

Ойық ауылы, С.Нұрқожаев №2, Б.Әлменұлы атындағы орта мектебінің ғимараты

2

7

№405

Тамды ауылы, Ш.Әбілдаев №3, Мәдениет үйінің ғимараты

2

8

№408

Есейхан ауылы, А.Омарұлы, №6, Мәдениет үйінің ғимараты

1

9

№410

Қараой ауылы, Б.Асанбайұлы №32, Бірлестік  орта мектебінің ғимараты

1

10

№411

Қаратау қаласы, Б.Момышұлы көшесі 75,  М.Әуезов атындағы орта мектебінің ғимараты

4

11

№412

Қаратау қаласы, М.Дулатов көшесі 23,  С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің ғимараты

1

12

№414

Қаратау қаласы, А.Пушкин көшесі №7, мектеп-лицей

5

13

№415

Қаратау қаласы, Ә.Ақшораева №16, №1 лицей - мектебінің ғимараты,

2

14

№416

Қаратау қаласы, 3 мөлтек ауданы №9,

Ш.Уалиханов атындағы орта мектебі

3

15

№417

Қаратау қаласы, Қ.Қошманбетов көшесі №2, жеке ғимарат

4

16

№518

Қаратау қаласы, 3 мөлтек ауданы 45 Б, А.С.Пушкин атындағы орта мектебі

1

Өтініш үлгісі косымша