Құрмет Грамотамен марапатталды

Құрмет Грамотамен марапатталды
🔰Ауыл шаруашылығы кәсіби мерекесі - бұл мереке жерде еңбек ететін, азық-түлік өнеркәсібінде жұмыс жасайтын, еліміздің және өңіріміздің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге талмай үлес қосып жүрген қызметкерлердің еңбегінің жемісі деп білеміз.
🔹️Халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасының жақсы болуы ауыл шаруашылығының дамуымен тығыз байланысты. Елдігімізді еселеп, мемлекеттігімізді нығайтқан осы жылдардың ішінде ауыл шаруашылығы саласы мемлекеттiк қолдаудың арқасында жаңа деңгейге көтеріліп, ел экономикасын дамыту мен ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттырудағы жетекші күшке айналды.
🔸️Осындай жетістіктерге жетуімізге атсалысып жүрген, ауыл шаруашылығы қызметкерлеріне дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілей отырып, бүгін яғни, 2025 жылдың 22 желтоқсан күні, ауданымыздың ауыл шаруашылығы саласынның дамуына атсалысып жүрген бірқатар азаматтар мен азаматшаларды Талас ауданының Құрмет Грамотасымен марапаттадым.