Талас аудандық мәслихатының кезекті L (50) сессиясы өтті

Талас аудандық мәслихатының кезекті L (50)  сессиясы өтті

22.12.2025 жылы сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы және

кезекті L (50) сессиясы аудандық мәслихаттың төрағасы К.Садубаевтың төрағалығымен өтті.
⚜️Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. Талас ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттердің орындалуы туралы есебі;
​2. Ауданда мәдениет, спорт және жастар саясатын қолдау бағытында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлары туралы;
​3. Қаратау қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы және тұрғындардың тұрмысын жақсарту бағытында атқарған жұмыстары мен алдағы жүзеге асыратын жобалары туралы;
​4. Ауданда төтенше жағдайлардың алдын алу және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудің кешенді шараларының орындалу барысы туралы;
5. Ауданның 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту;
6. Талас аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы «2025 – 2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №33-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
7. Талас ауданының 2026-2030 жылдарға арналған Даму жоспарын бекіту туралы;
8. Талас аудандық мәслихаттың 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы;
9. Талас ауданы бойынша біржолғы әлеуметтік көмек көрсету, мұқтаж азаматтардың өтініштерін қарау жөніндегі арнайы комиссия құрамы;
10. Қаратау қаласының бірқатар құрамдас бөліктерін қайта атау туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер толығымен талқыланып, шешімдер қабылданды.