Талас аудандық мәслихатының кезектен тыс ХХХXV сессиясы өтті

Талас аудандық мәслихатының кезектен тыс  ХХХXV  сессиясы өтті
⚜️2025 жылғы 5 қараша күні сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың тұрақты комиссия отырысы және кезектен тыс XXXXV сессиясы аудандық мәслихат төрағасы К.Садубаевтың төрағалығымен өтті.
 
Күн тәртібінде бір мәселе қаралды:
 
- Талас аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсанындағы «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» №33-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
 
Күн тәртібінде сұрақ жан-жақты қаралып тиісті шешім қабылданды.