⚜️Бүгін, 26.06.2025 жылы аудандық мәслихаттың төрағасы К.Садубаевтың төрағалығымен Талас аудандық мәслихатының тұрақты комиссия отырысы және кезекті ХХХІХ сессиясы өтті.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. Ауданда агроөнеркәсіп кешенін дамыту және көктемгі егіс дала жұмыстарының өтуі, «Ауыл аманаты» жобасының орындалу барысы туралы;
2. Ауданда денсаулық сақтау саласының жұмысын жақсарту бағытында атқарылған жұмыстар және нысандардың жағдайы туралы;
3. Аудандағы эпизоотиялық ахуал, жұқпалы аурулардың алдын алу бағытында атқарылып жатқан және қаңғыбас ит, мысықтарды аулау жұмыстары туралы;
4. Ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы және ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсарту бағытында атқарған жұмыстары мен алдағы жүзеге асыратын жобалары туралы Ақкөл, Кеңес, Үшарал, Қызыләуіт ауылдық округ әкімдерінің есептері;
5. Талас аудандық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті бөлім және мекеме басшылары, сондай-ақ ауылдық округ әкімдерінің есептері тыңдалып, аудандық мәслихат депутаттары тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, тиісті шешімдер бекітілді.